ШҰҒЫЛ! ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ Толығырақ

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

15:37, 5 тамыз 2020

 Мұғалжар ауданының Жұрын ауылындағы жолдар жөнделіп жатыр. Биыл үш көшеде құрылыс басталды. Келер жылы жалғасып, тағы үш көше асфальтталады. Сонымен бірге біртуар ғалым Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектепке күрделу жөндеу жүргізілді. Құрылысшылар екі аптадан соң бар жұмысты аяқтауға уәде беріп отыр. Ауылдағы әлеуметтік нысандардың құрылысы туралы Айнұр Самарханов айтып береді. 
Жұрын ауылы еңсесін тіктеді. Мұнда биыл үш көшеге асфальт төселіп жатыр. Сейдолла Батпенов, Желтоқсан, Малкеждар Бөкенбаев көшелерінің құрылыс жұмысы үшін республикалық қазынадан 140 миллион теңге бөлініп, игерілді. Жұмыс жоспарға сай жүргізілді. Құрылыс қыркүйекте толық аяқталады. Қазіргі кезде тасжолдың бір бөлігі ел игілігіне қолданысқа берілген. 
Құдайберген Жұбанов атындағы орта мектеп осыдан 36 жыл бұрын қолданысқа берілген. Содан бері күрделу жөндеу жұмысы жүргізілмеген. Биыл мемлекеттік бағдарлама аясында 86 млн теңгеге жуық қаржы бөлінді. 
Мұнда 300-ге жуық оқушы білім алады. Ғалым атындағы мектеп түлектерінің көмегімен ашық алаңға ескерткіш қою жоспарланған. 
Айта кетейік, биыл білім ордасының қазандығы да жаңартылды. Жылыту маусымына қажетті 500 тоннаға жуық қатты отын түсірілді. 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ
13:14, 24 қыркүйек 2020
ТЕЛЕЖУРНАЛИСТЕР АРАСЫНДА ҮЗДІК ЖУРНАЛИСТІК ЗЕРТТЕУГЕ АРНАЛҒА...
Толығырақ...