ШҰҒЫЛ! БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

"Ақбидай - 2017" ауыл спортының алтыншы ойындары аяқталды

12:41, 18 қыркүйек 2017

Ақтөбеде апта бойы өткен "Ақбидай - 2017" республикалық ауыл спортының алтыншы ойындары аяқталды. Ұлттық спорт түрлері дәріптелген жарыс жоғары деңгейде өтті. Бес күннің ішінде еліміздің барлық аймағынан келген спортшылар спорттың 14 түрінен жеңіс үшін күресті.

Ел өңірлерінен 14 команда, 1600 спортшы Ақтөбеде бас қосты. Мұнда "Ақбидай - 2017" республикалық ауыл спортының алтыншы ойындарының жабылу салтанаты өтті. Бес күнге созылған жарыста спорттың 14 түрінің сегізі аламан, көкпар, аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, асық ату, қазақша күрес және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық ойындар болды. Ақтөбе ат спорты мектебінің ипподромында бәйге ұйымдастырылып, спортшылар көкпар тартты.   

Бәйге бойынша жарыстар екі айналымда ұйымдастырылды. Тоқ бәйге 11 шақырымды, аламан 21 шақырымды құрады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, "Ақбидай - 2017" ауыл спорты ойындарын республикалық деңгейде өткізу - ұлттық құндылықтардымызды насихаттаудың бір жолы.    

Көкпарда ақтық сынға екі команда шықты. Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облысының көкпаршылары жеңіс тұғырына таласты. Оңтүстің жігіттері намысты қолдан бермеді.

АБЫЛАЙХАН  НЫШАНБЕКОВ, "АҚБИДАЙ - 2017" РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ, КӨКПАР ТАРТУДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ 

- Біздің ұлттық спорт ассоциациясына алғысымды білдіргім келеді. Көкпар елімізде дамып келеді. Жаттығулар үшін барлық жағдай жасалған. Бізде ірі жарыстарға қатысып, шеберлікті шыңдауға мүмкіндік бар. Ақтөбе облысына ойындарды жақсы ұйымдастырғандары үшін ризамыз

Ойын қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 1-орынды Оңтүстік Қазақстан облысы, 2-орынды Ақтөбе облысы, 3-орынды Қызылорда облысы иеленді.  Төрт жылда бір мәрте өтетін республикалық ауыл спорты ойындарының туы салтанатты түрде Ақтөбе облысынан Маңғыстау өңіріне табысталды.  

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар