ШҰҒЫЛ! БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

Ақтөбеде үш спорт алаңы ашылды

18:10, 7 қыркүйек 2017

Ақтөбеде бүгін үш спорт алаңы ашылды.

Біреуі №6 алтыншы мектептің жанындағы саябақта болса, қалған екеуі "Болашақ" ықшам ауданы мен Гришин көшесінде орналасқан. Мұнда жсөспірімдердің  спортпен айналысып, шеберліктерін шыңдауға барлық жағдай жасалған. Спорт алаңдарының құрылысын "Самұрық-Қазына траст" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры қаржыландырды.

Аула клубтарының жұмысын дамыту мақсатында қаланың әр бөлігінде және 4 ауылдық округте 17 заманауи спорталаңдарының құрылысы маусым айында басталған болатын.  Енді қалалықтар хоккей, футбол, баскетбол ойнап, көшеде ашылған спорт алаңдарын тегін пайдалана алады. 

5 спорт алаңынан басқа, қала бойынша тағы 12 алаңның құрылысы жүріп жатыр. Олар қалалық бюджеттен бөлінген 80 миллион теңгеге  салынуда. Төртеуінде мүгедектер үшін қосымша жаттығу құралдары  мен бейнебақылау камералары орнатылады. Бұл жұмыстарға тұрғындар ризашылық білдірді.

Ақтөбе  халқының 30 пайызы  спортпен шұғылданады. Бүгінде қалада  500-ден астам спорттық нысан бар. 11 спорт кешені, 200-ден астам зал, 264 спорттық құрылым жұмыс тұр. Мемлекеттік жеке меншік серіктестігі негізінде  іске асқан жобалар да бар.

Ұлағат Арғынұлы, Нұрбек Отаров

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар