ШҰҒЫЛ! БЕЙСЕН ҚҰРАНБЕК АТЫНДАҒЫ «ЖІГЕР» СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ Толығырақ

Гір көтеруден жарыс басталды

18:35, 2 қараша 2017

Ақтөбелік студенттер мен колледж оқушылары гір көтеруден жарысқа түсіп жатыр. Екі күнге созылатын спартакиада спорттың осы түрінен мықтыларды анықтауға арналған. Жеңімпаздарға медаль, кубоктардан өзге, республикалық чемпионатқа жолдама берілетін болады.

Ануар Ахан - жарысқа алғаш рет қатысып отырған үміткерлердің бірі. Гір көтеру спортымен айналысқанына екі жыл болған студент, сайысқа зор дайындықпен келген. Сондықтан да жақсы өнер көрсетіп, жүлделі орындардың бірін иеленетініне сенімді.

Жарысқа 20 колледжден барлығы 120 спортшы қатысуда. Ер балалар мен қыздарға қойылатын талап әр түрлі. Жасөспірімдер серпе және жұлқа көтеруден бақ сынаса, қыздар серпе көтеруі тиіс. Жарыс ұйымдастырушыларының айтуынша, спорттың бұл түрінің Ақтөбеде даму қарқыны жаман емес. Қазір 200-ден ен астам бала тұрақты түрде айналысады. 

Айта кету керек, бұған дейін мектеп оқушылары арасында да гір көтеруден жарыс өтіп, үздіктер анықталған болатын. Ал, бүгін басталған жарыс нәтижесінде анықталған жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдар, алғыс хаттармен марапатталатын болады.  

Әнуарбек Мырзатайұлы

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
21:23, 28 желтоқсан 2018
ОБЛЫС ӘКІМІ АҚТӨБЕЛІК ДЗЮДОШЫНЫ МАРАПАТТАДЫ
Толығырақ...
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
11:59, 1 ақпан 2018
СПОРТТЫ ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ ҚҰРЫЛАДЫ
Толығырақ...
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
16:49, 29 қаңтар 2018
АЛҒАДА ЖЕҢІМПАЗ КОМАНДАЛАР МАРАПАТТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар