
Ақтөбе LIVE
- «
- »
Бағдарлама жүргізушісі: Дархан Рахымжан
Жанры: әлеуметтік-қоғамдық
Форматы: тележурнал
Ұзақтығы: 10 мин
Жиілігі: айына 2 рет, жексенбі, сағ.: 18:30
Аудиториясы: жалпы аудитория
Тілі: қазақ тілі
Бағдарламаның ерекшелігі: Facebook, youtube, instagram т.б. әлеуметтік желілердегі фото-видео материалдар қолданылады.
Құрылымы: Бағдарлама 3 бөлімнен тұрады.
«Апта тренд»: Апта бойы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, халықтың назарын аударған ақпараттар, айтылады. Кадр сыртындағы мәтінмен толығырақ көрсетіліп, маңызды пікірлер таңдалып, көрерменге «скриншот» арқылы көрсетіледі.
«Ашығын айтқанда»: Жүргізуші әлеуметтік желіде таралған белгілі бір ақпаратқа байланысты құзырлы органдардың ресми жауабын жеткізеді. Сенімді дереккөзден синхрон немесе телефон арқылы дыбыстық жазба беріледі.
Үшінші блок – «Ұсыныс пен шағым»
Әлеуметтік желідегі қала тұрғындарының талап-тілектері, арыз-шағымдары айтылады. Сол мәселе бойынша жауапты мекемелерден мәлімдеме алынады.