
Менің мамандығым
Тележүргізуші кәсібін мақтаныш еткен маман иелерінің өмірлік тәжірибелерін көрерменге көрсетіп, ақыл – кеңесін тыңдау үшін, олардың жұмыс орындарында болып, бәрін көзбен көріп, көңіліне тоқиды
Бағдарлама жүргізушісі: Айнұр Самарханова
Бағдарлама жетекшісі: Бибігүл Биманова
Жанры: әлеуметтік-танымдық
Форматы: тележурнал
Ұзақтығы: 5-10 мин
Жиілігі: аптасына 1 рет
Құрылымы: Әр хабарда белгілі бір мамандық иесі көрерменге таныстырылады. Оған мамандық таңдау кезіндегі психологиялық ерекшеліктерімен қатар, оның моральдық көзқарасы, ерік — жігері, борышы мен жауапкершілігі, тәуекелге бел байлағыштығы тәрізді қасиеттері жөнінде сұрақтар қойылады. Түсірілім алаңын бағдарлама жүргізушісі мен режиссері таңдайды. Бағдарлама кейіпкер мен журналист арасындағы еркін диалог, жұмыс барысындағы іс-қимыл әрекетімен жүргізіледі. Кейіпкер көрермендерге кәсіби кеңес беріп, жұмыс тәжірибесімен бөліседі.